«БІР ТОЛҚЫНДА» «НА ОДНОЙ ВОЛНЕ» АТТЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАР БІРЛЕСУ-БАЙҚАУЫ
THE INTERNATIONAL SOLIDARITY CONTEST «ON THE SAME WAVE»
АЛҒЫ СӨЗ
БҰҰ-ның шешімі бойынша Халықаралық мәдениеттің жақындасу онжылдығы (2013-2022) аясында «БІР ТОЛҚЫНДА» «НА ОДНОЙ ВОЛНЕ» Халықаралық балалардың бірлесу- байқауын жариялайды.
Байқаудың ұйымдастырушылары: Балаларға арналған Украин Ұлттық кітапханасы (НБУ балаларға), балалар мен жасөспірімдер кітабының Халықаралық кеңесі Ұлттық секциясы (IBBY), балаларға арналған Украин кітапхана қызметкерлерінің ассоциациясы.
Қазақстан Республикасы бойынша кураторлар - Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі, байқау координаторы - Конарова Алма (Алматы қ. С.Бегалин атындағы ОҚБК жетекшісі).
Байқаудың мақсаты - Балалар мен жасөспірімдердің коммуникативтік деңгейін ұлттық және қоғамдық мәдениет құндылықтарының меңгеру бағытындағы жүйесін қалыптастыру; басқа халықтардың мәдениеті мен салт - дәстүріне толеранттық көзқарас; жоғары азаматтық сезімге тәрбиелеу; жеке тұлғаның ұлттық-патриоттық, мемлекеттің тарихы мен мәдениетін сәйкестендіре дамуына көмектесу.
ЕРЕЖЕСІ
1. Байқауға Қазақстан Республикасы, Украина, жақын шет елдер мен Евродақ елдерінің 3-жас ерекшелігіндегі балалар категориялары қатысады.
• 1-4 кл.оқушылары;
• 5-8 кл. оқушылары;
• 9-11 кл. оқушылары.
2. Байқауға мына бағыттағы жеке және ұжымдық жұмыстар қабылданады:
1. Балалар кітабы шекараны еңсереді;
2. Біздің планетамыздың болашағы;
3. Менің елім әлем картасында;
4. Елің өзіңнен басталады;
5. Балалар нені армандайды?
6. Балалар бейбітшілік үшін!
3. Байқау 01 шілдеден 16 қараша аралығында (Халықаралық толеранттық күні) 2020 жылы үш турда өткізіледі:
Бірінші тур Қазақстан бойынша байқауға қатысқандар үшін – 01 шілдеден 10 қыркүйек аралығында;
Екінші тур (Әділ қазылар үшін) – 11-нен 20 қыркүйек аралығанда. Ал 21- нен 30 қыркүйекте – жеңімпаздардың жұмыстарын ұйымдастырушыларға жөнелту.
Үшінші тур (Халықаралық) - 01 қазаннан 16 қарашаға дейін, қорытындылау.
4. Байқауға әр жас ерекшелігіне қарай қатысушылар уранды сөз жазылған сурет/плакат дайындайды (қазақша немесе орысша). Ол мағанасына, жанрына, тақырыбына сай планетадағы өз еліннің, әлемнің болашағын көрсете алатындай әдемі етіп көркемдеу қажет.
5. Плакат/ сурет А-3 форматта дайындалып, беттік сандары қойылып, электронды түрде alma-kac@mail.ru мекен жайына 2020 жылдың 10 қыркүйегіне дейін жіберу қажет. 10 қыркүйегінен кейін қабылданбайды.
МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТАДАҒЫ ХАТТА хаттың тақырыбын «КОНКУРС УКРАИНА» «УКРАИН БАЙҚАУЫ» деп жазу керек.
6. Жасалған жұмыс авторы жайлы хабарлама жіберу керек: тегі аты-жөні, туған жылы, мекен жайы, электрондық пошта, телефон; ұжымдық жұмыс болса Жетекшісінің аты-жөні жазылады.
7. Жұмыстарды бағалау ұшін Құрметті әділ қазылар құрылды:
1) Гүлнар Абдуллаевна Дусматова - актриса, Қазақстан Республикасының халық әртісі.
2) Бердалы Оспан- суретші, мәдениет танушы, есім танушы.
3) Мамраимов Анвар-жазушы, тележурналист, деректі фильдер режиссері.
4) Равиль Нарегеев, суретші, Алматы қаласындағы «RaArt Gallery» сурет галереясының бейнелеу өнерінің оқытушысы, Ресей және Қазақстан Халықаралық және Республикалық көрмелердің қатысушысы.
5) Елена Радоснова, «Открытая литературная школа Алматы» координаторы
6) Ирина Дружинина, өнертанушы, «Imagine Review» каналының авторы.
7) Алибек Калиев, «Imagine Review» каналының авторы.
8) Лариса Попова, «Журнал Открытая школа» ҚҚ-ның атқарушы директоры, редакторы.
8. Құрметті әділ қазылар 11-нен 20 қыркүйекке дейін қорытындылайды, яғни Қазақстаннан 6 жеңімпазды белгілейді.
9. Барлық байқау жұмыстары ұйымдастыру комитетіне 2020жылдың 30 қыркүйегіне дейін жіберіледі.
10. Жас ерекшелігіне қарай жеке және (топтық) ұжымдық Байқау жеңімпаздары үшін бірінші, екінші, үшінші орындар белгіленеді. Яғни Қазақстан бойынша 18 жеңімпаз анықталады.
11. Халықаралық Құрметті әділ қазылар, 2020 жылдың 01қазаннан 16 қарашаға дейін барлық елдің қатысушылары жіберген жұмыстарды бағалайды.
12. Байқауға жіберген Сурет / плакаттары авторларға қайтарылмайды, Киев қаласындағы балаларға арналған НБУ-да сақталады.
13. Байқау қорытындысы бойынша Шығармашылық жұмыстар Альманахы дайындалады.
14. Жеңімпаздардың Сурет / плакаттары байқауға қатысқан Елшіліктің Халықаралық көрмесіне қойылады.
Анықтама телефондары: 8727 - 2914052, 2916351, alma-kac@mail.ru