ЖАС КӨРКЕМ СӨЗ ШЕБЕРЛЕРІ АРАСЫНДА ӨТКІЗІЛЕТІН
«КЛАССИКА ӘЛЕМІ– 2021» ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ
«Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ
С. Бегалин атындағы Орталық Қалалық Балалар кітапханасы
Россотрудничествоның Қазақстандағы өкілдігінің қолдауымен «Классика әлемі» атты көркемсөз оқу шеберлерінің қалалық байқауын өткізеді
1.Жалпы ережесі:
1.1 Көркем сөз оқушылардың «Мәңгілік классика» байқауы қазақстандық және әлемдік классиктердің прозалық шығармаларынан үзінділерді көркемдеп, мәнерлеп оқу жарысы. Байқау аясында қатысушыларға өзі таңдап алған прозалық шығармасынан , таңдаған тілдерде (қазақ, орыс, ағылшын) мәнерлеп оқу ұсынылады.
1.2 Тақырыптар: Жамбыл Жабаевқа 175 жыл (поэзия). Қазақ, орыс және шетел классиктері (проза)
2. Байқаудың мақсаттары мен міндеттері:
2.1 Балалар мен жас өспірімдер арасында кітап оқуды дәріптеу.
2.2 Классикалық әдебиетке балалардың қызығушылығын арттыру және оқырманның танымдық ой- өрісін дамыту.
2.3 Отбасының кітап оқу дәстүрін жандандыру.
2.4 Кітапханаға қоғамдық көзқарасты дамыту.
2.5 Дарынды да, талантты жасөспірімдерді қолдау.
3. Байқауды өткізудің шарттары.
3.1 Байқау Алматы қаласы мектептерінің 5-8 сынып оқушыларының (11-14 жас) арасында өткізіледі.
3.2 Қатысуға өтініш 2021 жылдың 1 ақпаннан– 20 наурызға дейін қабылданады.
Өтініш: Алматы қаласы, Төле би көшесі № 27 Достық даңғылының қиылысы.
С.Бегалин атындағы Орталық Қалалық Балалар кітапханасы, орта және жоғары сынып оқушыларына қызмет көрсету және Өнер әдебиеттер бөлімдері perizat.kz@list.ru Өтініште, аты-жөні, тегі, жасы, мектеп, сыныбы, таңдаған шығармасының авторы және тақырыбы, байланыс телефоны көрсетілуі керек.
3.3 Қатысушы орындайтын шығармасының мәтінін баспа түрінде тапсыруы қажет. Мәтіннің оқылуы-5 минуттан аспауы керек. Белгіленген уақыттың асып кеткен жағдайда әділ қазылар алқасы тоқтатуға құқылы. Орындаушы көрсетілім барысында музыкамен сүйемелдеуге, декорация қолдануға, костюмдермен шығуына мүмкіндік бар. Таспаға жазылған мәтінді қолдануға, басқа біреудің көмегіне жүгінуіне болмайды.
3.4 Тиісті көрсетілім кезегі жереби арқылы анықталады.
3.5 Байқау С.Бегалин Орталық Қалалық Балалар Кітапханасында екі кезеңмен, Екі күнде өтеді. 29 наурыз - сұрыптау, 30 наурыз - финал
3.6 Бағалау сәті:
- Тақырып, мәтін таңдауы
- Сауаттылығы және орындау шеберлігі
- Тақырыпты терең меңгеруі, бейнелеуі
- Сахналық мәдениеттілігі.
3.7 Қатысушының өнерін бағалаудың деңгейі-10 балдық көрсеткіш аясында
4. Марапаттау:
4.1 Сұрыптау кезеңінің жеңімпаздары,финалдық кезеңге өтеді.
4.2 Финалдық кезеңнің жеңімпаздары Байқау лауреаттары атанады, ескерткіш сыйлықтарымен және мадақтамалармен марапатталады.
Байқау жайлы қосымша ақпаратты 291-68-10, 291-65-00, 291-86-44 тел. арқылы алуға болады.
Сәттілік тілейміз!